«Ақтас кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының шешіміне ПРЕСС– РЕЛИЗІ

«Ақтас кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Саран қалалық мәслихатының шешіміне                 ПРЕСС– РЕЛИЗІ

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 88 бұйрығымен Саран қалалық мәслихаты шешімінің жобасы (бұдан әрі-Жоба) әзірленді.

Аталған жоба жергілікті қоғамдастық жиналысы өкілдерінің жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған (жергілікті қоғамдастық жиналысы құрамының өкілеттік мерзімі;жиын берген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің сандық құрамы; бюджетті түзетуді келісу; коммуналдық меншікті басқару жөніндегі кент әкімі аппаратының шешімдерін келісу; карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы шешімдер қабылдауды келісу; жиналысты шақыруға қала әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалар шақырылады;депутаттардың қатысуы).

         Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.

 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=5869&type=2

Дата публикации
24 мая 2022