Жұмыстың басым бағыттарының бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңдарына сәйкес Ақтас кенті әкімінің аппараты Халыққа 3 қызмет көрсетеді:
2021 жылдың өткен кезеңінде кент тұрғындарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Халық арасында мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық тәсілін танымал ету мақсатында түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Сондай-ақ, «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктері туралы бейнероликтер көрсетіліп отырады, олар «Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ-де, көрсетілетін қызметті алушылар орналасқан жерлерде және көрсетілетін қызметті берушілердің интернет ресурстарында көрсетіледі.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған: теледидар, ұйымдастыру техникасы, мемлекеттік қызметтерді алу үшін ақпарат орналастыруға арналған стенд орнатылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту және шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланысын қысқартатын, сыбайлас жемқорлық құбылыстары үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік мекеме жұмысының ақпараты бойынша кешенді шаралар қабылданды.
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі оларды ұсыну нысанына байланысты емес, кез келген ниет білдіруші ЭЦҚ болған кезде өзіне қажетті қызметтерді электрондық түрде ала алады және азаматтар үшін электрондық форматтың үлкен артықшылығы уақытты үнемдеу және ұйымдарға жеке бару қажеттілігінің болмауы болып табылады.