2021 жылғы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы ақпарат
Ақтас кенті тұрғындарының келіп түскен өтініштерімен жұмыс маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
2021 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі – ҚР Әкімшілік кодексі) енгізе отырып, өтініштермен жұмыс «Е-Өтініш» жүйесінде жүргізіледі. «Е – Өтініш» - те өтініштерді тіркеу электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен (ЭҚАБЖ) қатар жүргізіледі.
2021 жылы әкім аппаратына 16 жазбаша өтініш келіп түсті, оның ішінде: жеке тұлғалардан 15 өтініш және заңды тұлғалардан бір өтініш. Оның ішінде 10 өтініш оң қаралып, 6 өтініш бойынша жазбаша түсініктеме берілді. 8 өтініш тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жылумен жабдықтау бойынша мәселелері басым бөлігін құрайды. 6 өтініш басқа сұраулар мен ұсыныстарды құрады, 1 өтініш кәсіпкерден келіп түсті және 1 сұрақ экономика мен жоспарлауға қатысты болды.
Карантин аясында әкім Instagram әлеуметтік желісі арқылы 7 тікелей эфир өткізілді, онда тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қойып, бірден жауап алды.
Кенттегі ағымдағы жағдай туралы халықты уақтылы ақпараттандыру, сондай-ақ тұрғындардың проблемалық мәселелерін жедел шешу үшін әкім аппаратымен Instagram парақшасы белсенді жүргізілуде. Қабылданған шаралар туралы ақпарат жауап түрінде беріледі немесе пайдаланушының жеке өзіне жіберіледі.