«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ-нің 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпараты

«Ақтас поселкесі әкімінің аппараты» ММ-нің

2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету туралы

ақпараты

        Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес «Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ халыққа 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

       1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;

       2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

       3. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау».

       2020 жылы кент тұрғындарына 41 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

- «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» - 30 қызмет;

- «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» - 11 қызмет:

       Халық арасында мемлекеттік қызметтерді алудың электрондық тәсілін танымал ету мақсатында түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы бейнероликтер жарнамаланады, олар «Ақтас кенті әкімінің аппараты» ММ-де, көрсетілетін қызметті алушылардың орналасқан жерлерінде және көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстарында көрсетіледі.

       Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған: теледидар, ұйымдастыру техникасы, мемлекеттік қызметтерді алу үшін ақпаратты орналастыруға арналған стенд орнатылған.

        Мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту бойынша кешенді шаралар және шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланысын қысқартатын, сыбайлас жемқорлық құбылыстары үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік мекеме жұмысының ақпараты қабылданды.

       Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі оларды ұсыну нысанына байланысты емес, ЭЦҚ болған жағдайда кез келген адам өзіне қажетті қызметтерді электрондық түрде ала алады және азаматтар үшін электрондық форматтың үлкен артықшылығы уақытты үнемдеу және ұйымдарға жеке бару қажеттілігінің болмауы болып табылады.

       Ай сайын мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мониторинг жүргізіледі.

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 мая 2026