
Анаев Маргулан Ардаулы, 1989 жылы 30 қыркүйекте Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген.
1996-2007 жылдары Егіндібұлақ ауылының №5 мектебінде білім алған.
7 - 2011 жж Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. «Жылу энергетикасы» мамандығы. Жылу энергетикасы бакалавры.
2008 - 2010 жылдары Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанындағы әскери кафедрада оқыды, запастағы сержант.
Үйленген.
2011 жылғы қараша айынан 2013 жылғы ақпан айына дейін «Шахтинск ЖЭО» АҚ станцияның техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша ӨТБ бөлімінде кеңесші болып жұмыс істеді.
2013 жылғы ақпан айынан 2013 жылғы шілде айына дейін «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, энергетика, сумен жабдықтау және суды бұру бөлімдерінің инженері болып жұмыс істеді.
2013 жылдың шілде айынан 2013 жылдың қараша айына дейін «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, тіршілікті қамтамасыз ету секторының инженері болып жұмыс істеді.
2013 жылғы қарашадан 2022 жылғы наурызға дейін «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының орынбасары.
2022 жылғы наурыздан 2022 жылғы 27 қарашаға дейін "Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ басшысы.
2022 жылғы 28 қарашада Ақтас кенті әкімінің орынбасары болып тағайындалды.