Меню

Страницы

Статья

Білім беруді цифрландыру

Барлық өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою және жолдама беру шараларын автоматтандыру.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілік проблемаларын шешу және кезектің қалыптасуы мен функциясы, сондай-ақ жолдама беру процесін автоматтандыру мақсатында барлық (100%) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кезектілікті автоматты бөлу және балабақшаларға жолдама беру жүйесі енгізілді. Жүйелерді Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰБДҚ) интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді. Ақпараттық жүйелерден алынған деректер ҰБДҚ-ға беріледі. Осылайша, контингент, білім беру мекемелерінің қызметкерлері туралы деректерді толтыру және ұсыну бойынша сыбайлас жемқорлық қаупі жойылады.

Орта білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті автоматтандыру.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.

 «Күнделік.kz» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі.

2021-2022 оқу жылында аудан мектептерінің «Күнделік.kz» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесін толтыруы бойынша жұмыс жалғастырылуда. «Kundelik» БАЖ-нің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында білім бөлімінің мамандары ай сайын онлайн-кеңес өткізеді, кеңесте осы бағыт бойынша мәселелі сұрақтар талқыланып шешіледі.  COVID-19 коронавирус пандемиясы кезінде қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, білім беру ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқитын мектептер Оnline mektep.kz, платформасы көмегімен білім алды.

Цифрлық білім беру ресурстарын қолдану.

2021 жылы ауданның мектептері «BilimLand» цифрлық білім беру ресурстарына, «iTest» ҰБТ-ға дайындық бағдарламасы және аудиовизуалды шығарма-анимациялық фильмдер жинақталған «iMektep» виртуалды оқыту кешеніндеріне қосылды.  Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану белсенділігін арттыру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі

Дата публикации
12 сентября 2022
Дата обновления
12 сентября 2022
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
01 декабря 2025
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тегін тамақтану
Ақпарат
24 февраля 2025
«SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының өткізілу қорытындысы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы