Білім беру саласында 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Анықтама үшін:
- Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру;
- Кәмелетке толмағандардың мүлкін иеленуге арналған анықтамаларды беру;
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу және оларға жәрдемақы төлеуді тағайындау;
- Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша анықтамалар беру;
- Балаларды патронаттық тәрбиеге беру және патронаттық тәрбиешілерге балаға күтім жасауға арналған ақшалай төлемдер тағайындау;
- Ата-ана құқығынан айырылған, балаға теріс әсер етпейтін ата-аналарға баламен кездесу үшін рұқсат беру;
- Бала асырап алғысы келетін адамдарды есепке қою;
- Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты бір реттік ақшалай төлем тағайындау;
- Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына беру және олардың күтіміне төлемдер тағайындау;
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жекелеген санаттағы оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау және жолдамалар беру;
- Балаларға қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
- Жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санаттағы оқушылар мен тәрбиеленушілерге тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды қамтамасыз ету;
- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымдарға және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету;
- Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
- Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдау және қабылдау;
- Балаларды негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
- Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
- Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою;
- Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау және құжаттарын қабылдау;
- Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында сырттай оқу нысанында білім алуға рұқсат беру;
- Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау;
- Білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсету.
2024 жылға мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны: 1792
- Оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны: 19
- Тегін негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 1792
- Ақылы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 0
- Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 1422
- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 351
- Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін өтініш қабылдау;
- Жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санаттағы оқушылар мен тәрбиеленушілерге тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды қамтамасыз ету;
- Білім беру ұйымдары арасында оқушыларды ауыстыру;
- Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
- Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат:
- «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz);
- Білім беру бөлімінің ғимаратындағы ақпараттық стендтерде;
- Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram және т.б.).
- Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар:
- Әлеуметтік желілерде нұсқаулықтар мен түсіндірмелер жариялау;
- Әр жұма сайын білім бөлімі ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылды.
- Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
2024 жылы білім бөліміне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.