Самар ауданы бойынша білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
Аудан бойынша білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 22 түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер "электрондық үкіметтің" E-gov веб-порталы, Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің Мемлекеттік корпорациясы мен білім беру ұйымдары және Самар ауданы бойынша әкімдіктің ведомстволық бағынысты мекемелерінің орталықтандырылған деректер базасы арқылы ақпараттық жүйе арқылы көрсетіледі.
Келесi мемлекеттiк қызметтерді аудандық білім бөлімі мен бағынысты мекемелерден алуға болады:
- Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімін беру;
- Кәмелетке толмағандардың мүлкін иеленуге арналған анықтамаларды беру;
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу және оларға жәрдемақы төлеуді тағайындау;
- Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша анықтамалар беру;
- Балаларды патронаттық тәрбиеге беру және патронаттық тәрбиешілерге балаға күтім жасауға арналған ақшалай төлемдер тағайындау;
- Ата-ана құқығынан айырылған, балаға теріс әсер етпейтін ата-аналарға баламен кездесу үшін рұқсат беру;
- Бала асырап алғысы келетін адамдарды есепке қою;
- Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты бір реттік ақшалай төлем тағайындау;
- Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына беру және олардың күтіміне төлемдер тағайындау;
- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жекелеген санаттағы оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау және жолдамалар беру;
- Балаларға қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;
- Жалпы білім беретін мектептерде жекелеген санаттағы оқушылар мен тәрбиеленушілерге тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды қамтамасыз ету;
- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін ұйымдарға және үйлеріне тегін тасымалдауды қамтамасыз ету;
- Денсаулығына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;
- Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдау және қабылдау;
- Балаларды негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
- Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
- Мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою;
- Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау және құжаттарын қабылдау;
- Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында сырттай оқу нысанында білім алуға рұқсат беру;
- Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау;