Отандық өнімдердің үлесін кеңейту

Отандық өнімдердің үлесін кеңейту

️Астанада ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төраға орынбасары Мақсат Баяхметтің төрағалығымен кеңес өтті. Жиында жол-құрылыс материалдарын сатып алудағы отандық өнімдердің үлесін кеңейту мен қазақстандық өндірушілерді қолдауды күшейту талқыланды.

️Кеңеске «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ЖАҰСО» ШЖҚ РМК, «ҚазжолҒЗИ» АҚ өкілдері, сондай-ақ жол белгілерін, таңбаларды, тосқауыл қоршауларын, жарықтандыру тіректерін, геосинтетиканы және жол инфрақұрылымының басқа да негізгі элементтерін өндіретін отандық компаниялардың қызметкерлері қатысты.

Сөз етілген кездесуде отандық өндіріс өнімдерін сатып алу көлемін ұлғайту, еліміздегі кәсіптер үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер арасындағы әріптестікті нығайту мәселелері қозғалды. Қатысушылар жол саласындағы ұлттық өндірісті дамыту — ел экономикасына қосатын үлес қана емес, сонымен қатар Қазақстанның көлік инфрақұрылымының сапасына, сенімділігіне және қауіпсіздігіне кепілдік екендігін атап өтті.