Women in Transport Network (WiT) атты конференция өтті

Women in Transport Network (WiT) атты конференция өтті

Бүгін алғаш рет Стамбул қаласында Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африканың көлік саласында қызмет ететін нәзік жандыларды қолдауға бағытталған Women in Transport Network (WiT) атты конференция өтті. Іс-шараға халықаралық ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдері қатысты. Аталған іс-шараға Автомобиль жолдары комитетінің төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина қатысты.
WiT — Дүниежүзілік банк, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен өзге де серіктестер қолдайтын жаһандық бастама. Оның мақсаты — көлік саласындағы нәзік жандылардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ оларды басшылық және техникалық лауазымдарға тарту.
«Көлік саласының дамуы әйелдердің қатысуынсыз мүмкін емес. Қазақстан нәзік жандыларға арналған мүмкіндіктерді кеңейтетін бастамаларды қолдайды. Біз әйелдердің маңызды лауазымдарды, соның ішінде инженерлік және басқарушылық құрылымдарды иеленіп жатқанын көріп жүрміз», — деп Анар Ғабдуллина конференция барысында атап өтті.
Конференция шеңберінде инклюзивтілік пен тең мүмкіндіктер саласындағы тенденциялар, қиындықтар мен үздік тәжірибелер талқыланып, сөз етілген саладағы әйелдердің қатысуының өсуін растайтын зерттеулер ұсынылды.