«KAZTRAFFIC-2024» барысында еліміздің жол инфраққрылымын даму жолыңда атқарған еңбегі үшін жолшылар марапатталды

«KAZTRAFFIC-2024» барысында еліміздің жол инфраққрылымын даму жолыңда атқарған еңбегі үшін жолшылар марапатталды

ХХ халықаралық «KAZTRAFFIC-2024» көрмесі аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина елдегі жол инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығы Ұлттық комитетінің төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар аталған іс-шара шеңберінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Арман Алибаева, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Болатбек Айтбаев пен еліміздегі жетекші жол-құрылыс компанияларының басшылары марапатталды.

PIARC төс белгісі мен Құрмет грамотасы марапатқа қатыса алмаған қр Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллинге де берілді.

Марапаттау рәсімі PIARC Бас хатшысының орынбасары Мигель Касо Флорес пен Қазақстандағы PIARC Ұлттық комитетінің төрағасы Берік Камалиевтің қатысуымен өтті.

Сондай-ақ көрме шеңберінде Қазақстандағы PIARC Ұлттық комитеті мен KROAD қауымдастығы арасында келісімге қол қойылды.

Дүниежүзілік жол қауымдастығы (PIARC) — автомобиль көлігі мен жол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ озық технологияларды ілгерілетуге және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған 120-дан астам елді біріктіретін халықаралық, яғни коммерциялық емес ұйым болып табылады.