Қазақстандық жолшылар Оңтүстік Кореяның автожолдарды басқару бойынша цифрлық технологияларын зерттейді
Жол инфрақұрылымы мен активтерін басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің және жол қызметкерлері Korean Expressway Corporation өкілдерімен тәжірибе алмасуға қатысты.
Бұл іс-шара Корея Республикасында қолданылатын автомобиль жолдарына қызмет көрсетудің озық технологиялары мен әдістерін, сондай-ақ біздің елімізде аталған технологияларды бейімдеу ықтималдығын зерттеуге бағытталған.
Делегация Денсаулық сақтау мен полиция, сондай-ақ, метеостанциялардын ТЖМ-ның мемлекеттік жүйелерімен үндестірілген жоғары технологиялық жүйе болып табылатын Korean Expressway Corporation жол басқару орталығының жұмысымен танысты.
Тәжірибе алмасу жолдарды пайдалану тиімділігін едәуір арттыратын, күтіп-ұстау шығындарын төмендететін және инфрақұрылымның қызмет ету мерзімін ұзартуға ықпал ететін инновациялық тәсілдермен танысуға мүмкіндік берді.
Делегация жолдардың жағдайын бақылау жүйелерін, сонымен қатар, жол активтерін басқару технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар алды.
