Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев Alt университетінің бірінші курс студенттеріне мотивациялық дәріс оқыды

Бүгін М.Тынышбаев атындағы ALT университеттің "Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы", "Автомобильдер", "Жол және құрылыс машиналары" білім беру бағдарламаларының студенттері Сатжан Аблалиев көшбасшылық және мотивациялық дәрісіне қатысуға бірегей мүмкіндік алды.
Вице-министр өз тәжірибесімен бөлісіп, жас құрылысшы немесе инженер үшін өте маңызды көшбасшылық дағдыларды дамыту бойынша кеңестер берді. Ол автомобиль жолдары мен аэродромдар салу сынды бағыттардың студенттері терең техникалық білімге ие болып қана қоймай, командада тиімді жұмыс істей білуі және жобаларды бірлесе басқаруға дайын болуы керек екенін атап өтті.
Дәріс болашақ инженерлердің өзгерістерге бейімделу, ұжымдар мен жобаларды басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.