«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысы басталды

 «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысы басталды

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің қатысуымен «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» (ҮАААЖ) құрылысын бастауға пәрмен берілді.

Іс-шараға ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылыс жобасын «АлсимАларко – Макйол – СК – Корея Экспрессвэй» құрылыс компаниясы консорциумы іске асыратын болады.

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ауқымды жоба Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және Алматы қаласына өте қажет болғандықтан іске асырылатынын айтты.  

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» Алматы қаласындағы қозғалыс ағынын азайтуға, транзиттік көліктер санын төмендетуге, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, көлік құралдарының жұмыс жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда құрылыс жүргізілетін жерлер бөлініп, Консорциум құрылысқа дайындық жұмыстарын аяқтады. Ұзақтығы 10 шақырым болатын 4-іске қосу кешеніне оң сараптамалық қортынды алынды. Бүгінгі құрылысты бастауға толық дайындық бар»,-деп атап өтті министр.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» құрылысының Консорциумы жобаны уақтылы жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын. Консорциумның қатысушысы, «АлсимАларко» АҚ вице-президенті Шахин Аббас жобаның параметрлері мен оны іске асыру жоспарлары туралы айтты.

Жоба аясында 21 көпір, 19 жол өтпесін, 8 жол айырығын, ақы алу жүйесі мен инженерлік желілерді салу жоспарланған.

Анықтама:

2018 жылғы 7 ақпанда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен «АлсимАларко – Макйол – СК – Корея Экспрессвэй» консорциумы «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының» құрылысы мен пайдаланудың концессиялық келісімін бекіткен болатын.

Жоба бойынша Алматыны айналып өтетін 6 жолақты, ұзақтығы 66 шақырым болатын автомобиль жолы I-техникалық санат бойынша салынады. Құрылысы 4,5 жыл жүреді және пайдалану мерзімі 15,5 жыл. Есептелген жылдамдық 150 км/сағатқа дейін, қозғалыс жиілігі – тәулігіне 38 мың автокөлік.

ҮАААЖ Алматы қаласының аумағындағы қозғалыс ағынын азайтуға, транзиттік көліктер санын қысқартуға, экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Началось строительство «Большой Алматинской кольцевой автомобильной дороги»

Началось строительство «Большой Алматинской кольцевой автомобильной дороги»

Началось строительство «Большой Алматинской кольцевой автомобильной дороги»