Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

«Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ  пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) ақылы негізде пайдалану туралы», «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ  пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Қызылорда – Арал ақылы негізде пайдалану туралы», «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ  пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк-ке) ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрықтарының жобалары туралы

       Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ақылы негізде Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын келесі автомобиль жолдарын пайдалану туралы бұйрықтардың жобалары дайындалғанын хабарлайды: Ақтөбе – Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға), Қызылорда – Арал, Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы (Троицк-ке).

     Бұл жобалар ҚР 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды. Жобаны қабылдау ҚР көліктік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және төлемді дамытуға мүмкіндік береді.

     Осыған сәйкес, осы учаскелер бойынша жол жүру ақысынан алынған ақша автомобиль жолдарын жөндеуге және күтіп ұстауға, олар бойынша қозғалысты ұйымдастыруға және ақылы автомобиль жолдарын күтіп ұстау үшін қажетті жол-пайдалану техникасын сатып алуға бағытталатын болады.

     Осы жобаны қоғамдық талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.

     Толығырақ:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15093684

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15093664

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15093624