Хабарландыру
«Жолдармен көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 492 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Көлік министрлігі "Жолдармен көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфракұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 492 бұйрығына өзгерістер енгізеді.
Осы қағидалар жолдарда көлік құралдарының қозғалысын тоқтатудың немесе уақытша шектеудің тәртібін айқындайды.
Жобаны қабылдау Жол органдарына жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп ҚР Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ төтенше жағдайларда (қолайсыз ауа-райы-климаттық жағдайлар, өрт көлік құралдарының қозғалысын шектеуге немесе жабуға құқық береді, автомобиль жолдарының жүк көтергіштігін жоғалту).