Көлік министрлігінде жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарының басым бөлігі қай өңірлерде жүргізілетінін айтып берді

Көлік министрлігінде жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстарының басым бөлігі қай өңірлерде жүргізілетінін айтып берді

Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмсытарының басым бөлігі Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды

Атап айтқанда, Қостанай облысында 823 км жол, еліміздің шығыс аймағында – 383 км, Ақтөбе облысында – 381 км, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында сәйкесінше 358 км және 283 км жолды жөндеу жоспарда бар.

Айта кетерлігі, Қазақстанда жергілікті маңызы бар жолдарды салу және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар белсенді жүзеге асырылып келеді.

Журналистердің қатысуымен өткен брифинг барысында ведомство басшысы Марат Қарабаев «Жөндеу жұмыстары көлік инфрақұрылымын жақсартуға және жергілікті маңызы бар жолдардың сапасын арттыруға бағытталған. Өз кезегінде бұл шаралар елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға ықпал етеді», – деп түйіндеді.

Құрылыс барысында жолдардың беріктігін арттыру үшін озық технологиялар мен материалдар қолданылып жатқанын атап өткен орынды. Автомобиль жолдары комитетінің ақпараты бойынша, жөндеу жұмыстары жоғары сапаны қамтамасыз ететін заманауи стандарттарға сәйкес жүргізіліп жатыр.