
7 сәуір сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 5 өңірінде халықаралық және республикалық маңызы бар 9 автожолда жалпы ұзындығы 2855 км жол бөлігінсу басу фактілерітіркелді.
Оның ішінде:
- Ақмола облысында 4 сәуірде Макинск-Ақсу-Торғайавтожолынсу шайып кетті (ұзындығы 40-50 м, биіктігі 5-8 см);
- Атырау облысында Доссор-Құлсары-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау (101-103 км (ені - 1000 м, биіктігі 25-30 см) және (119-120 км, ені 500, бқозғалыс25-30 см);
- Қостанай облысындаМариновка ауылына кіреберіс автожолдары (0-9кмені100 м, биіктігі40 см), Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай 253-254кмМамлютка-Қостанай 294кмҚостанай-Жақсы» - «Қарабұтак-Қостанай 4кмҚостанай қаласының қасында
- Павлодар облысындаАтамекен-Ертіс-Русская поляна-РФ шекарасы а/ж 226-227 км
- Солтүстік Қазақстан облысындаРощинское-Корнеевка-Волошинка34км
Аталған учаскелерде көлік кептелісі тіркелмегенҚазіргі таңдареспубликалық маңызы бар автожолдарда 297 бірлік техника және 385 адам жұмылдырылған
Қазақстандық әуежайларда су тасқыныбойынша жағдай тұрақты.Әуежайларда су тасқыны қаупі жоқ Астана мен Семей халықаралық әуежайларында тәулік бойы кезекшілік, әуеайлақ қоршауының артындағы аумақты аралау және тексеру жұмыстарыұйымдастырылды.
Республикалық теміржолдарда тасқын суларды жасанды құрылыстар (көпірлер, құбырлар, таулы және су бұру арықтары) арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
Магистральдық теміржол бойында тасқын сулардың жиналуы Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының шекараларында байқалады. Осыған байланысты айналма жолдарды ұйымдастыру және су тасқыны жағдайын бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді.
Теміржолдары су шайып кету қаупі жоқ, барлық қауіпті жерде бақылау жұмыстарыжүргізілуде.
Атырау облысы бойынша адамдарды эвакуациялауға қатысты.
Құлсары қаласынан адамдарды эвакуациялау үшін Құлсары-Атырау станциялары арасында 5 вагоннан тұратын қосымша жолаушылар пойызы ұйымдастырылды.
Бірінші рейс 4 сәуірде 49 еріктінің сүйемелдеуіменАтырау станциясынан 21.53-те жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін жіберілді. Ал 22.55-те Құлсары станциясынан 385 жолаушы, оның ішінде 99 бала эвакуацияланды. 56және 7 сәуірде тағы 3 рейс жасақталды, нәтижесінде 3 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.