Көлік вице-министрі жолдарда көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге байланысты үндеу жасады

Көлік вице-министрі жолдарда көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге байланысты үндеу жасады

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулерге орай ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев үндеу жариялады

Мәселен, 16 ақпан күні таңғы сағат 7-дегі жағдай бойынша еліміздің 16 өңіріндегі автожолдардың 100 учаскесінде шектеу шаралары енгізілген болатын

Ауа температурасының –35 °C дейін төмендеуіне байланысты 80 учаскеде дизельді автокөлік құралдарының қатып қалуын болдырмау үшін тиісті шектеулер енгізілді. Сонымен бірге қалған 20 учаскеде шектеу шараларын енгізудің басты себебі көршілес өңірлердегі ауа-райы, боран және қар көшкіні қаупі болды. Қолайсызауа райына байланысты қазақстандықтарды арнайы қызметтерден келетін хабарламаларға назар аударып, мұқият болуға шақырамыз»,деді вице-министр өзсөзінде.  

Кешкі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша республикалық жолдардағы28 учаскеде шектеушаралары сақталған. Жолдардағы жұмысқа 700-ге жуық техника мен 1500-ден астам жолшытартылған. Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, жолшы мамандары ауа райының қолайсыздығына қарамастан күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

«Синоптиктердің болжамы бойынша жақын күндері температураның –35, –40°C-ке дейін төмендеуі күтілуде. Республикалық маңызы бар жолдарда енгізілгеншектеулер сақталатын боладыдеді көлік вице-министрі.