
Алматыда1-3ақпанаралығындаDigitalAlmaty2024: Болашақтыңцифрлықэволюциясы» тақырыбындадәстүрлі форум өтіп жатыр. Биылғы шара барысында кең ауқымды іскерлік бағдарлама аясында өнеркәсіптегі цифрлық трансформация жәнеИндустрия 4.0, Smart City салаларындағы инновациялық шешімдерге байланысты тақырыптарды талқылау жоспарланып отырЖиынға халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы новаторлар санатындағы 200-ге жуық спикер қатысуда
Айта кетерлігі, 1 ақпанда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялардыдамытуға жауапты министрліктері мен ведомство басшыларының кездесуі өткен болатын. Оған ҚР Көлік министрлігінің атынан вице-министр М.Қалиақпаров қатысты. Жиында экономиканың нақты секторында жаңа технологияларды қолдану мәселесі талқыланды.
Форум шеңберінде сондай-ақ IT-экожүйелерді құру саласындағы жобалар бойынша тәжірибесімен әрі тың ақпаратпен бөлісетін ірі қазақстандық өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардың, технопарктердің, технологиялық компаниялардың көрмесі өтеді.
Өз кезегінде Көлік министрлігі форумға қатысушылардың назарынажол саласындағы қызметкерлердің кәсіби дамуы мен білімін жетілдіруге арналғанвиртуалды тренажер бойыншаақпараттық стенд пен «Көпірлерді пайдалануды басқару жүйесі» және «Көше-жол желісін басқару жүйесі» сынды жол саласының өзекті мәселелерін шешуге арналған IT-өнімдерді ұсынды.