
Бүгінгі таңда «QaZAvtoJol» ҰК» АҚ ұлттық операторының корпоративтік qaj.kz сайтында «Автомобиль жолдары» бағаны бар. Осы жердегі «Жобалар» бөлімінде «Орталық – Батыс» дәлізі, «Нұр-Сұлтан – Арқалық – Торғай – Ырғыз – Шалқар – Қандыағаш» автомобиль жолының учаскелерін салу және қайта жаңарту жөніндегі 16 жобалық-сметалық құжаттама жарияланған (сілтеме:https://qazavtojol.kz/docs/pub/7066a6450e570ba8f7f20d2e3cb151b4/default/?&). Құжаттардың барлығы қоғам үшін қолжетімді.
Сондай-ақ, әзірленетін барлық жобалар дайын болған кезде жоғарыда аталған сайтта жарияланатындығын хабарлаймыз.