
Астана өкілетті органдар мен жол құрылысы индустриясының өкілдерінің әлеуетін арттыруға, елдің консалтингтік қызметі мен жол активтерін басқару және жолды күтудің алдыңғы қатарлы тәжірибесіне, нәтижеге бағдарланған келісім-шарттардың таныстырылымы мен оларды әртүрлі елдерде қолдануға бағытталған жолды басқару мәселелері бойынша Азия Даму Банкімен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті бірігіп ұйымдастырған семинар өтті.Шараға ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Казавтодор» ЖШС және басқа жол саласының ұйымдары қатысты. Шара жол саласының мамандандырылған секциясы бойынша бірнеше тақырыптық бағытта өтті. Жол активтерін басқару саласындағы сарапшылар, Азия даму банкінің көлік жөніндегі мамандар сөз сөйледі.

