Асаубаев Әсет Асанұлы «Қазақстан автожолшылар қауымдастығының» президенті болып сайланды

 Асаубаев Әсет Асанұлы «Қазақстан автожолшылар қауымдастығының» президенті болып сайланды

Асет Асаубаев Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігінде 2005 жылдан бастап түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2013 жылдан 2019 жылға дейін Көлік комитетін басқарды.

1982 жылы 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «тарих пәнінің оқытушысы, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша білім алған. 2006 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін "инженер-механик" мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тамамдады. «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі».