Төтенше жағдай режиміне байланысты жол компаниялары күшейтілген бақылауды енгізуде

Төтенше жағдай режиміне байланысты жол компаниялары күшейтілген бақылауды енгізуде

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында берген тапсырмасын орындау аясында автомобиль жолдары саласының мамандары індеттің таралуының алдын алуға бағытталған іс- шараларды іске асыруды қолға алды.. 

Осы ретте республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың құрылыс базаларына кіруді және шығуды шектеуге қатысты санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді сақтау туралы талаптар әзірленді.

Бұдан бөлек, әрбір ұйымда  жұмыскрлерді күнделікті тексеруден өткізетін медицина қызметкерлері болуы тиіс. Сондай-ақ, ұйымдар медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуі шарт. Әр нысанда гигиеналық мөлшерлегіштер орнатылған. Ауру қызметкерлер арасында анықталатын жағдайға да жеке іс-шаралар жоспарлары дайын.

Еске салайық, еліміздің автомобиль жолдары саласында 100 мыңға жуық адам еңбек етуде.