
Нұрсұлтан қ. Оңтүстік-батыс жаңа айналма жолының жалпы айналу ұзындығы 34 км құрайды.Ол 3 көпірді және 4 көлік жобасын қамтиды, бұл қала арқылы транзитпен өтетін автокөлік құралдарының ағындарын елорданы айналып өтуге, сондай-ақ жүк көлігін қаладан тыс жерлерге шығаруға және қаладағы көлік ағынын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жаңа автомагистраль астананы дамытудың Бас жоспарында көзделген к-1 айналма жолының бір бөлігі болып табылады.Үкімет басшысы мен министр сондай-ақ айналма жол айрығынан Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайға дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылын қайта жаңарту жөніндегі жоспарлармен танысты. Ұзындығы 6,4 км автожолдың осы учаскесін алты жолақты ету жоспарлануда. Жұмыстар 2020 жылы басталады. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде