ҚАЗЖОЛҒЗИ ЖОЛШЫЛАР ҮШІН КӘСІБИ СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕДІ

ҚАЗЖОЛҒЗИ ЖОЛШЫЛАР ҮШІН КӘСІБИ СТАНДАРТТАРДЫ ӘЗІРЛЕДІ

 

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында жол құрылысының кәсіби  стандарттарын әзірледі.

Құжаттарды жасау алдында мемлекеттік органдар, жол-құрылыс және саланың жобалық ұйымдары, сондай-ақ, автожол саласындағы оқу орындарының мамандарымен үлкен жұмыс жүргізілді. Сарапшылар жолдарды, көпірлерді және тунельдерді салуға арналған мамандықтардың (лауазымдардың) тізбесі анықталды.

Кәсіби стандарттар болашақта жол саласы мамандарын даярлау бойынша білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз бола отырып, білім беру жүйесін жаңғыртуға ықпал етеді.

Дайындалған кәсіби стандарттар институт сайтында (https://www.kazdornii.kz/) жарияланған. Азаматтар тарапынан түскен  ескертулер мен ұсыныстар аталған стандарттарды түзету кезінде ескерілетін болады.