ҰЛТТЫҚ ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНАШЫЛАРЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ

ҰЛТТЫҚ ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНАШЫЛАРЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ

Нұр-Сұлтанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Ұлттық жол активтері сапасы орталығының барлық өңірлердегі филиалдарының зертханашылары үшін 3 күндік семинар өткізілді.

Жол төсемі мен жолдарды салу, жөндеу кезінде қолданылатын материалдардың сапасын тексерудің нәтижелері барынша айқын болуы тиіс. Ұлттық жол активтері сапасы орталығының қызметкерлері зертханалық сараптамаларды соңғы жаңашылдықтар мен стандарттарға сәйкес жүргізетіндігі де міне сондықтан.

Орталықтың 40 қызметкері үш күн ішінде Ұлттық аккредитация орталығының ұйымдастыруымен өткен тренингтерге қатысты. Мамандар зертханалық сараптаманы өткізудің тетіктерін үйреніп, өз қызметінің талаптары мен стандарттарын меңгерді. Емтихан қорытындыларына сәйкес қатысушыларға біліктілікті арттыру курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар табысталды. Мұнда          й шаралар зертханашылардың біліктілік пен шеберлік деңгейін жоғарылатуға септігін тигізеді. Ұлттық жол активтері сапасы орталығы өз қызметкерлерін оқыту шараларын алдағы уақытта да жалғастырмақ.