
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде құрылымдық бөлімшелер арасында спартакиада өткізу дәстүрге айналған. Автомобиль жолдары комитетінің командасы биыл жалпыкомандалық есепте күмістен алқа тақты.
Мықтылар 8 команда арасында шахмат, тоғыз құмалақ, волейбол, шағын футбол, армреслинг, үстел теннисі мен арқан тарту сияқты спорт түрлерінен анықталған болатын.
Мәселен, тоғыз құмалақ бойынша өткен жарыста Айгүл Шегебаева топ жарса, қол күресте Жандос Қабдешев екінші жүлдені еншіледі. Ал Перизат Нұрманова министрліктің қыздары арасында армреслингтен өткен жарыста 4 орынға ие болды. Комитет командасының аяқдопшылары үздік үштікті түйіндесе, арқан тартудан күш сынасқан комитет қызметкерлері турнир кестесінің екінші сатысынан табылған-ды.
ҚР ИИДМ спартакиадасы биыл бесінші рет өткізілді. Салалық додаға қатысатын әуесқой спортшылар мен жанкүйерлер саны жылдан жылға артуда.


