АҚТАУДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БИТУМ НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АҚТАУДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БИТУМ НАРЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Автомобиль жолдарын салу кезінде пайдаланылатын модификацияланған және қапталған битумның қазақстандық нарығын дамыту келешегі» атты екінші халықаралық ғылыми-техникалық конференцияның жұмысына «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті техникалық ғылымдардың докторы, профессор Бағдат Тельтаев атсалысты.

Ол «ҚазжолҒЗИ» АҚ көптеген қазақстандық кәсіпорындармен, солардың ішінде ақтаулық «СП «CASPI BITUM» ЖШС-мен ондаған жылдар бойы ынтымақтастықта жұмыс істейтіндігін алға тартты .     

«2013 жылы зауыт салынып, алғашқы өнімдер шығарыла бастады. Осы кезде  технологияны қайта пысықтау керек болды. Біздің қызметкерлеріміз  Ақтау қаласында  ұзақ уақыт тұрып, екі тараптың табанды жұмысының нәтижесінде зауыт ҚР стандарттары талаптарына сай битум өндіруді бастады. Біз  күні бүгінге дейін осы зауытта  өндірілген битумның сапасын қадағалап отырамыз», – деді Бағдат Телтаев.

Конференция қатысушылары талқылаған тағы да бір негізгі мәселе битумның  тапшылығына қатысты болды. 

Шара Қазақстанда инновациялық битумдық өнімдер өндірісін дамыту және олардың экспорттық тартымдылығын арттыру тақырыбын кеңінен талқылаудың диалогтық алаңына айналды.  Жиынға Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының басшылары, Еуропа мен Ресейден келген шетелдік серіктестер, сондай-ақ әлемдік инженерлік және технологиялық компаниялардың өкілдері қатысты.