
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы облысындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту жобаларының іске асырылу барысымен танысты.
2020 жылдың соңында Шамалған станциясында ұзындығы 330 метрді құрайтын эстакада түріндегі жол айырығы пайда болады. Аталмыш жоба ҚР ИИДМ басшысының жіті бақылауында. Бүгінгі таңда мұнда жобалау-іздестіру шаралары басталып, мердігер компания анықталған. Сондай-ақ, Шамалған мен Екпенді елді мекендерінің арасындағы учаске таңдалңан. Жол айырығы қолданыстағы теміржол өткелінен 250 метр қашықтықта орналасатын болады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың желтоқсанында басталады деп жоспарлануда. Жоба транзиттік көлік ағынын елді мекеннен тыс жерге көшіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Бейбіт Атамқұлов «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Жоба халықаралық қаржы институттарының қаражаты есебінен іске асырылуда. Ол – халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізінің бір бөлігі. Жалпы ұзындығы 96 шақырымды құрайтын жол 3 бөлікке бөлінген. Жұмыстарды отандық СП Казахдорстрой/АБК Автодор компаниялары мен әзірбайжандық «Азериншаатсервис» компаниясы жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда жолшылар жер қазу, құбырларды орнату, жол төсемі негізі мен цемент-бетон жабынын төсеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Жұмыстарға персоналдың 826 қызметкері мен техниканың 363 бірлігі жұмылдырылған. Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң I-б санатындағы «Ұзынағаш-Отар» жолы төрт жолақты болады. Жобаны аяқтау мен жолдағы қозғалысты ашу 2022 жылға белгіленді. Мердігер ұйымдардың алдына жолдың бір бағыты бойынша қозғалысты ашуды қамтамасыз ету үшін жол-құрылыс материалдарын дайындау міндеті қойылды.
Бұдан бөлек, ҚР ИИДМ басшысы «Алматы – Бішкек» автомобиль жолының 16-19 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының барысын бақылады. Жоба 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның қорытындысы бойынша жол 10 жолаққа (2 бағытта 5 жолақтан) кеңейе түсіп, қоғамдық, жергілікті және транзиттік көліктерге арналған жол, 1 көліктік жол айырығы, 1 бұрылу эстакадасы, Ақсай өзені арқылы өтетін 1 көпір, "Апорт" СО, "Алтын орда" СО және "Асыл Арман" ТК аудандарындағы жаяу жүргіншілерге арналған 3 жер үсті өткелі жөнделмек. Қайта жаңарту жұмыстары Алматыдан «Алтын Орда» базарына дейінгі жолда орын алатын көліктік кептелістерге қатысты өзекті мәселені шешуге мүмкіндік береді. Жоба мердігері – «Дәулет – Жолқұрылыс» ЖШС. Осы ретте министрлік басшысы жұмыстарды мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы да Министрдің бақылауында. Жоба концессионері – «Алсим Аларко – Макйол – СК – Кореян Экспрессвэй» түрік-корей консорциумының мәліметтерінше, бүгінгі таңда дайындық жұмыстары аяқталған: 2 вахталық қалашық салынды, карьерлер рәсімделді, техника мен жұмыскерлер жұмылдырылды, археологиялық жұмыстар орындалды, инженерлік желілер мен коммуникациялар тасымалданды, айналма жолдар жайластырылып, аумақ тазартылды. Барлық жұмыстар 2020 жылдан бастап толық қарқынмен жүргізілмек.
Айта кетейік, Үлкен Алматы айналма жолы МЖӘ аясында жүзеге асырылып жатыр. Жоба 6 жолақты қозғалысы бар І-техникалық санаттағы параметрлерге сәйкес ұзындығы 66 ақырымды құра йтын Алматы айналасындағы айналма автомобиль жолын салуды көздейді. ҮААЖ Алматы қаласының шегінде көлік ағынын азайтуға, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Алматы – Қарағанды – Нұр-Сұлтан – Петропавл» халықаралық дәліздерінің қиылысында транзитті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяталады деп жоспарланған.

