
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пішембаев Автомобиль жолдары комитетінің ұжымына комитет төрағасының жаңа орынбасары Төлеген Абдуллинді таныстырды.
Төлеген Тұрсынұлы Абдуллин 1982 жылы 16 қыркүйекте Павлодар облысында дүниеге келді. Ол – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, сондай-ақ, «Қаржы академиясы» АҚ түлегі. Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалында ЖПУ-62 шебері ретінде бастады. 2005 және 2012 жылдардың аралығында «Қазақавтожол» РМК Павлодар облыстық филиалының жетекші маманы, жоспарлы-өндірістік бөлімнің басшысы, бас инженер, ЖЖҚУ-1 басшысы қызметтерін атқарған. 2012 жылы ол «Қазақавтожол» РМК Ақмола облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалды. 2014 және 2019 жылдар аралығында Төлеген Абдуллин «QazAvtoJol» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары, ұлттық компанияның автомобиль жолдарын пайдалану департаментінің директоры болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Ақмола облысы бойынша филиалының директоры болып жұмыс істеді.
ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінде Төлеген Абдуллин жолдарды пайдалану, жергілікті жолдар желісі мен ғылымды дамытуға қатысты мәселелерге жауапты болады.