
Жергілікті жол желісінің жалпы ұзындығы 71,2 мың шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 71 % жақсы жағдайда. Алдағы 5 жыл ішінде аталмыш көрсеткіш 95% дейін жеткізілмек.
Өткен 5 жылда облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды дамытуға 590 млрд. теңге бөлінген болатын. Оның 260 млрд теңгесі – республикалық, 330 млрд теңгесі – жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында автожолдардың 15 мың шақырымы жөнделді.
Айта кетейік, 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасында жергілікті жол желісін салу, қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылатын болады. Бағдарлама аясында бір жылда Қазақстан өңірлеріндегі жолдардың 5 мыңға дейінгі шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылады.