БИЫЛ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫС АЙНАЛМА ЖОЛЫ БОЙЫНША ҚОЗҒАЛЫСТЫ АШУ ЖОСПАРЛАНҒАН

БИЫЛ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОҢТҮСТІК-БАТЫС АЙНАЛМА ЖОЛЫ БОЙЫНША ҚОЗҒАЛЫСТЫ АШУ ЖОСПАРЛАНҒАН

«Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы» жобасының жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайды. Аталмыш жоба бойынша көлік қозғалысын 2019 жылы ашу жоспарланған.

Қайта жаңарту жобасының аясында 4 жол айырығының (Қабанбай батыр, Қосшы, Қорғалжын, Тілендиев), 3 көпірдің (Нұра-Есіл, Есіл (негізгі арна), Есіл өзенінің тармағы арқылы өтетін көпір) және 3 жол өткелінің (Қабанбай батыр, Қосшы, Қорғалжын) құрылысы жоспарланған.

32 шақырым тура жол бойынша ірі түйіршікті асфальтбетоннан жол жабынының төменгі қабаты төселіп, су өткізгіш құбырлар орнатылды. Жол айрықтарында қиыршық тас-құм-цемент қоспадан, С-4 қоспасынан және ірі түйіршікті асфальтбетоннан жол табанын орнату жұмыстары жалғасуда. Күре жолдың жоғарғы қабаты үшін төзімділігі жоғары қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон қолданылды. Бұл нысандағы жұмыстарға 775 маман мен 418 бірлікке жуық техника жұмылдырылған.

«Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы» жобасын жүзеге асыру елордадағы көлік жүйесінің жүктемесін азайтады, жолаушылардың уақытын үнемдейді және экологиялық жағдайға да оң әсерін тигізеді.