
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
«Нұрлы жол» Инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 320 жобаны жүзеге асыру көзделген, оның ішінде 16 жоба көлік саласына қатысты (автомобиль жолдары саласында – 11 жоба, темір жол саласында – 2 жоба, су, азаматтық авиация және логистика саласында – 1 жобадан), тұрғын-үй құрылысы саласында 6 жоба, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналды шаруашылық (ТКШ) мәселелеріне қатысты 298 жоба.
Осы жобалардың жүзеге асырылуына 2016 жылы 814,8 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде автомобиль жолдары жобаларына – 324,8 млрд. тг., 400 млрд. тг. тұрғын-үй құрылысына және 90 млрд. тг. тұрғын-үй коммуналды шаруашылық жобаларына бөлінді.
2017 жылы 339 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде автожол жобаларына 286 млрд. теңге (143,5 млрд. теңге ҰҚ, 45,9 млрд. теңге РБ және 96 млрд. теңге Халықаралық қаржы институттарының зайымдары), және тұрғын-үй коммуналды шаруашылық инфрақұрылымының жаңғыртылуына 53 млрд. теңге (ҰҚ) бөлінді.
Жобаларға жеке-жеке тоқталуға рұқсат етіңіз
2016 жылы «Нұрлы жолдың» автожол жобаларына 324,8 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде Ұлттық қордан – 151,3 млрд. теңге. Бөлінген қаражаттың есебінен республиканың 12 облысында 1,7 мың км жол қайта жөнделді: Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Алматы-Өскемен, Астана-Петропал, Ақтөбе-Атырау және Орал-Каменка.
Барлық жобаға 75 мың адам тартылды және қолданылған отандық өндірушілер материалдарының үлесі 90%-дан асады.
2016 жылы 913 шақырымда құрылыс жұмыстары аяқталып, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша 767 шақырым жол ашылды (611 км ҰҚ есебінен). Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дәлізі, Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай, Қапшағай-Балпық би, Бейнеу-Шетпе және Көкшетау-Петропавл учаскелері бойынша қозғалыс толық ашылды.
2017-2019 жылдар аралығында ұзақтығы 4,4 мың шақырым болатын 23 жобаны жүзеге асыру көзделген. Жалпы құны 1,7 трлн. теңге. Биыл жобаларды іске асыруға 286 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде Ұлттық қордан – 143,5 млрд. теңге, Республикалық бюджеттен – 45,9 млрд. теңге және Халықаралық қаржы институттарының займдары - 96 млрд. теңге. Бөлінген қаржының есебінен аяқталмаған 7 жоба бойынша (Астана-Қарағанды, Орталық-Шығыс, Бейнеу-Ақтау, Орталық-Батыс, Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл және Орал-Каменка) жұмыстар жалғасады. Биыл 602 шақырым жолда жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.
Анықтама: Орталық-Шығыс – 232 км, Қапшағай – Талдықорған – 24 км, Бейнеу-Ақтау – 230 км, Қордай асуын айналып өтетін жол – 40 км, Орал-Каменка – 50 км, Ақтөбе-Атырау – 26 км.
Республикалық бюджет қаржысына ұзақтығы 1 мың шақырымнан асатын жаңа 8 жобаны бастау көзделіп отыр.
Анықтама: 1. Бейнеу-Ақжігіт, 2. Қостанай – Денисовка, 3. Щучинск-Зеренді, 4. Осиновск асуы, 5. Таскескен-Бақты, 6. Үшарал-Достық, 7. Астананы айналып өтетін Оңтүстік-Батыс, 8. Қалбатау-Майқапшағай
Наурыз-сәуір айларында ашық байқау арқылы мердігер ұйым анықталып, құрылыс маусымы басталғанда дайындық жұмыстарына кіріседі.
Ұзақтығы 8 184 шақырымдық 8 жобаны (1. Жетібай-Жаңаөзен, 2.Атырау-Астрахан, 3. Ақтөбе-Қандыағаш, 4. Қандыағаш-Мақат, 5. Күрті-Бурылбайтал, 6.Ұзынағаш-Отар, 7.Талдықорған-Өскемен, 8. Мерке-Бурылбайтал) халықаралық қаржы институттарының займдары есебінен қаржыландыру қарастырылған (ХҚДБ, АЗБ, ЕҚДБ, ИДБ және ҚХР Эксимбанкі). Оның ішінде Күрті-Бурылбайтал автожолын қайта жаңғыртуға ЕҚДБ зайымдары тартылды, Талдықорған-Өскемен, Мерке-Бурылбайтал учаскелеріне мемлекеттің кепілдігімен ҚХР Эксимбанкі зайымы тартылады.
Бүгінде Қандыағаш-Мақат учаскесі бойынша Азия даму Банкімен зайым туралы келісім жасалды және ратификациялау туралы Заң әзірленіп жатыр. Қосымша байқау процедуралары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын шілде-тамыз айларында бастау жоспарланып отыр.
Күрті-Бурылбайтал, Ұзынағаш-Отар, Жетібай-Жаңаөзен жобалары бойынша зайымдар туралы келісімге наурыз-сәуір айларында қол қойылады. Содан кейін ратификациялау үшін Парламентке ұсынылады. Байқау өткізу бойынша жұмыстар басталды және 2017 жылдың екінші жартысында келісімшартқа қол қойылып, Зайым туралы Келісім ратификацияланады деп жоспарланған.
Ақтөбе-Қандыағаш, Атырау-Астрахан учаскелерін ИДБ зайымдары есебінен қаржыландыру туралы келісімге мамыр-маусым айларында қол қойылады деп жоспарланған. Байқау процедуралары қатар жүреді. Құрылыс жұмыстары 4-тоқсанда басталады.
Эксимбанк қаржыландыратын Талдықорған-Өскемен және Мерке-Бурылбайтал жобалары бойынша мердігер ұйым анықталды. Қазіргі уақытта зайым туралы келісім жобасы пысықталуда. Құрылыс жұмыстарын биыл екінші жартыжылдықта бастау көзделген.
Жалпы биыл қайта жаңғырту және құрылыс жұмыстары 4,4 мың км. қамтиды және оған 100 мың адам тартылады деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламада тұрғын үй құрылысы мәселелері қарастырылған. 2016 жылы тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға мына бағыттар бойынша 400 млрд. теңге бөлінді:
- «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ желісі бойынша жалдық тұрғын үй құрылысына - 22,5 млрд. теңге;
- «Байтерек девелопмент» желісі бойынша жалдық және несиелік тұрғын үй құрылысына - 113 млрд. теңге;
- жергілікті атқарушы органдардан несиелік тұрғын үй құрылысына - 67 млрд. теңге;
- Самұрық Қазына жылжымайтын мүлік Қоры желісі бойынша коммерциялық тұрғын үй құрылысына – 97 млрд. теңге;
- инженерлік-коммуникацилық инфрақұрылым құрылысына – 78,5 млрд. теңге;
- Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларын несиелеуге – 22 млрд. теңге.
Нәтижесінде, 2016 жылы 8,3 мың отбасы баспанамен қатмасыз етілді (478,8 мың.кв.м) және жыл соңына дейін көрсетілген қаржы есебінен 33,8 мың отбасы (1,9 млн. кв. м) қосымша тұрғын үймен қамтылатын болады. Алдағы уақытта аталмыш мәселелер 2016 жылдың 31 желтоқсанында бекітілген «Нұрлы жер» бағдарламасы аясынада жүзеге асатын болады.
Бағдарламада ТКШ инфрақұрылымын, жылу жүйесін, сумен жабдықтау және су тартуды модернизациялау мәселелері қамтылады.
2016 жылы ҚР Ұлттық қорынан 89,9 млрд.теңге бөлінді.
Анықтама:- 89,9 млрд.теңге – бюджеттік несиелеу;
- 2,5 млрд.теңге – бюджеттік субсидиялау;
- 0,5 млрд.теңге – сенімді (агент) пен оператор қызметі.
2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша табиғи монополия субъектілері бюджеттік несиелеу тетігі арқылы бөлінген 86,9 млрд. теңгенің 48,2 млрд.тенгесін немесе 58% игерді. (несиені игеру кезеңі кредитор шотынан несиенің аударылған сәтінен бастап, 2017 жылдың 10 желтоқсанында аяқталады.)
Бүгінгі таңда жоспарланған 1716,8 шақырым болатын жылу, сумен қамтамасыз ету және су тарту желілерінің 480,2 шақырымы салынды және қайта жаңғыртылды.
Шағын несие қаржы ұйымымен бірге бюджеттік субсидиялау тетігі арқылы 3 жобаны жүзеге асыруға 2,5 млрд. теңге бөлінді («Павлодар жылу желісі» ЖШС, «Петропавл жылу желісі» ЖШС, «Су ресурсы – маркетингі»).
7,2 шақырым болатын жылу беру жүйесі, 14,6 шақырым болатын сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйелері салынды.
2017 жылға 53 млрд.теңге қарастырылған (несиені игеру кезеңі кредитор есеп-шотынан несие аударылған сәтінен басталып, 2018 жылдың 10 желтоқсанында аяқталады).
Анықтама:
- 48,0 млрд.теңге – бюджеттік несиелеу;
- 4,6 млрд. теңге – субсидиялау;
- 0,4 млрд.теңге - Сенімді (агент) және оператор қызметі.
Қарастырылған қаржыға 1778 км инженерлік желіні қайта жаңғырту және салу жоспарланған.
анықтама:
- жылумен қамту бойынша – 91 км;
- сумен жабдықтау бойынша – 1 578 км;
- су тарту бойынша – 109 км.
Жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде 2018 жылдың соңына қарай жылу, сумен қамтамасыз ету және су тарту желілерінің тозуы 60%-тен 57%-ке төмендейді.
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жоспарланған барлық жобалар өз уақытында жүзеге асуда және Министрліктің негізгі міндеті болып табылады.