
Сәуірдің 27-28 жұлдызында Анкарада «Түркі тілдес елдердің ынтымақтастық тақырыптық консалтинг компанияларының конференциясы» өтті.
Конференцияның мақсаты Туркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекстан, Түркменстанның инженер – кеңесші қауымдастығымен және компанияларымен сондай-ақ, инвестициялар мен жобаларды қаржыландыруға жауапты, тиісті мемлекеттік органдармен және агенттіктермен тәжірибе алмасуы болып табылады.
Конферения барысында қатысушы елдердің инженер – кеңесші қауымдастықтарының және мемлекеттік органдар мен агенттіктердің баяндамалары таныстырылды.
Автомобиль жолдары комитеті іске асырылып жатқан автожол жобалары, көлік инфрақұрылымындағы міндеттер, FIDIC-ті қолданған Қазақстандық келісім-шарттарындағы тәжірибелері туралы баяндама жасады.
Конференция аясында мәжілістер, тренингтер, семинарлар және Еуразиялық туннельге техникалық тур жүргізілді. FIDIC келісім-шарттарын Түркі тілдес елдерде қолдану жетістіктері мен мәселелері талқыланды, консалтингтік инженерлік компаниялар арасында халықаралық жобаларда бәсекелестікті арттыру мақсатында өңірлік және халықаралық стратегиялық әріптестік қарым-қатынас мүмкіншіліктерін құру мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралардың өткізілуі ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, дамуға және елдердің автомобиль жолдарын интеграциялауға ықпал етеді.
Анықтама: FIDIC Халықаралық инженерлер-кеңесшілер Федерациясы болып табылады. Штаб пәтері Швейцарияда орналасқан. 1948 жылы қалыптасқан көпжылдық ережесі бар. Ұйым құрылыс жобаларының қатысушылары арасындағы қарым-қатынастарды реттеу үшін типтік келісім-шарт талаптарын әзірлеумен айналысады.
Келісім-шарттық ұйымдар құрылыс жобаларында мердігердің және тапсырысшының мүддесін қамтамасыз етеді.
FIDIC бүкіл әлем бойынша 75–тен астам ұлттық қауымдастықтардың инженер-кеңесшілерін біріктіреді. Ұйым жаһандану саясатын, тұрақты даму мен бизнесті интеграциялық түрде түсінуді жүргізеді.