
Республикалық акцияның діттейтіні – ауыл мектептерінің кітапхана қорын толықтыру, оқу мәдениетін ілгерілету және оқырмандық сауаттылық деңгейін арттыру. Бұдан бөлек, іс-шара ауыл жастары мен балаларының мәдени демалысын ұйымдастыруға бағытталған.
Комитет пен құрылымдық бөлімшелер 80-нен астам мектеп және көркем әдебиет кітабын, оқу дәптерлері мен рюкзактарын сатып алды.
Айта кетейік, Қазақстанда ауылдық кітапханалардың кітап қорын толықтыруға бағытталған "Ауылыма кітап" республикалық қайырымдылық акциясы Отбасы күні қарсаңында басталған болатын. Аталған акцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Рухани жаңғыру" ҚҚДИ Отбасы институтын зерттеу орталығы және "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ жүзеге асырылуда.
Кітаптар кітапхана қоры жеткіліксіз ауыл мектептері мен клубтарына таратылуда.