ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінде үздік қызметкерлер марапатталды

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінде үздік қызметкерлер марапатталды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов бірқатар қызметкерге Министрдің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.  

         Осылайша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің грамотасымен құрылыс және реконструкциялау басқармасының бас сарапшысы Әйгерім Есенжолова, кадр жұмысы басқармасының сарапшысы Айсұлу Испанова мен ғылым және жұмыстардың сапасы басқармасының сарапшысы Айнұр Тұрмаханова марапатталды.

         Ал Министрдің алғыс хаттары  заң басқармасының сарапшысы Ғазиза Жеңісоваға, сондай-ақ құрылыс және реконструкциялау басқармасының сарапшысы Жансая Ахметсафинаға табысталды.

         Бұдан бөлек, Комитет төрағасының алғыс хаттарымен  автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бас сарапшысы Еркебұлан Қоқаман, автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының сарапшысы Азамат Сағадиев,  үкіметтік қарыздарды жүзеге асыру жөніндегі басқарманың сарапшысы Олжас Дүйсенов, жобаларды дайындау басқармасының сарапшысы Ерсайын Бейсенбай марапатталды.