
Бүгінгі күні Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан өтетін ұзындығы 764 шақырым «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде.
Жобаны мемлекеттік кепілдікке Қытай Халық Республикасының ЭксИмБанкінің қарызын тарту жолымен іске асыру жоспарлануда.
2016 жылғы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен бас мердігер арасында «кешенді» шарт бойынша жұмыстарды сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.
Сонымен бірге, ағымдағы жылы «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау» 287-1073 км» жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы» № 204 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.
Ағымдағы жылғы 19 және 21 қазан аралығында Алматы облысы бойынша 287-615 шақырым «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» учаскесін қайта жаңарту бойынша жобалық шешімдерді қарастыру жөнінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің көшпелі Ғылыми-техникалық кеңесі (бұдан әрі - ҒТК) өткізілді.
ҒТК көшпелі отырысы барысында жобалық шешімдері Ескелді ауданы (Қарабұлақ ауылы), Ақсу ауданы (Жансүгір ауылы), Сарқанд ауданы (Сарқанд ауылы), Алакөл ауданы (Үшарал ауылы) әкімдіктері өкілдері мен ауыл тұрғындарымен қарастырылды, нәтижесінде жоба шеңберінде жергілікті атқарушы органдары және ауыл тұрғындардың ұсыныстарын жобалау компаниялары ескеретін болады. ҒТК көшпелі отырысының қорытындылары бойынша хаттама жасалды.