Тыс қалмаңыз! Автомобиль жолдары комитеті пайдаланушыларды ашық диалогта азаматтық ұстанымын білдіруге шақырады
ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті жергілікті маңызы бар автожолдардың сапасын бағалау жүйесін әзірлеуде. Оған сәйкес жылына екі мәрте өңірлердің рейтингі қалыптастырылатын болады. Сіздерді әдістемені әзірлеуге қатысуға шақырамыз. Рейтингті құру кезінде қандай көрсеткіштер ескерілуі керек?
Еліміздің жол желісін жақсарту бойынша тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды 2022 жылғы 1 шілдеге дейін komitetdorog@gmail.com пошта мекенжайына жолдаңыз. Арнайы жұмыс тобы әрбір пікірді ескеріп қарастыратын болады.