ХҚҰ-мен ынтымақтастық
Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастық аясында Қазақстанда бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде ұзындығы 1 747 км жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Үнемдеу есебінен жалпы ұзындығы 479 км құрайтын 4 жоба іске асырылуда:
1) «Шымкент – Жамбыл облысының шекарасы» учаскесі (туннель құрылысы);
2) «Балқаш-Бурылбайтал» учаскесі (298 км) жолды І техникалық санатқа ауыстуруды қарастырады;
3) «Ұзынағаш-Отар» учаскесі (96 км) жолды І техникалық санатқа ауыстуруды қарастырады;
4) «Күрті-Бурылбайтал» учаскесі (85 км) жолды І техникалық санатқа ауыстуруды қарастырады;
Қазіргі уақытта ЕҚДБ-мен бірлесіп жалпы ұзындығы 453 шақырымды құрайтын 3 жоба жүзеге асырылуда:
1) «Күрті-Бурылбайтал» учаскесі (143 км) жолды І техникалық санатқа ауыстыруды қарастырады;
2) «Күрті-Қапшағай» учаскесі (67 км) жолды І техникалық санатқа ауыстыруды қарастырады;
3) «Атырау-гр. РФ (Астраханьға дейін)» Атырау қаласының айналма жолымен қоса» (243 км) жолды ІІ техникалық санатқа ауыстыруды қарастырады;
III. Азия даму банкімен серіктестіктің Негіздемелік стратегиясын іске асыру шеңберінде жалпы ұзындығы 388 км құрайтын 2 жоба іске асырылуда:
1) «Қандағаш-Мақат» учаскесі (299 км) жолды ІІ техникалық санатқа ауыстыруды қарастырады;
2) «Ақтөбе-Қандағаш» учаскесі (89 км) жолды I және II техникалық санатқа ауыстыруды қарастырады;
Үйлестіру кеңесінің шешімімен (2021 жылғы 24 ақпандағы) «Қызылорда-Жезқазған» 427 км жобасын мемлекеттік кепілдік бойынша іске асыруға АДБ және ЕҚДБ несиелерін тарту арқылы қолдау тапты.
Күйі:
Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.
Еуропалық банк қаржыландыратын бөлігі бойынша (Қызылорда облысы) құрылыс жұмыстары басталды.
Азия даму банкі (Ұлытау облысы) қаржыландыратын бөлігі бойынша мердігерлерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.