"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген
белдеуінде орналастыру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрінің м.а. 15.06.2022 (алғашқы ресми жарияланған № 340 күнінен кейін
күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық,
облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыру және "Сыртқы (көрнекі) жарнама
объектілерін халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу",
"Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде
орналастыруды келісу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі –
Қағидалар) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабы 3-
тармағының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы",
Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес әзірленді және халықаралық,
республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін
орналастыру тәртібін айқындайды.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық
және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде орналастыру үшін жеке және заңды тұлғалар "ҚазАвтоЖол"
ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының облыстық филиалдарынан және (немесе)
жергілікті атқарушы органнан келісім алады.
3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "
электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.