"Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ
құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің,
коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және
халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен, басқа да
инженерлік желілермен, коммуникациялармен қиылысуына жобалау үшін, сондай-ақ
халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль
жолдарына кірме жолдар салу және оларға жанасу үшін техникалық шартты беру
қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013
жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес әзірленген
және халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен, басқа да
инженерлік желілермен, коммуникациялармен қиылысуына жобалау үшін, сондай-ақ
халықаралық және Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль
жолдарына кірме жолдар салу және оларға жанасу үшін техникалық шартты беру
бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және темір жолдармен, басқа да
инженерлік желілермен, коммуникациялармен қиылысуына жобалау үшін, сондай-ақ
халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль
жолдарына кірме жолдар салу және оларға жанасу үшін техникалық шартты беру"
мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "ҚазАвтоЖол"
ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының облыстық филиалдары (бұдан әрі -
көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "
электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге
асырылады.
2-тарау. "Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарын байланыс және электр беру арналарының, желілерінің, мұнай құбырларының, газ
құбырларының, су құбырларының және теміржолдардың, басқа да инженерлік желілердің,
коммуникациялардың кесіп өтуін жобалау үшін, сондай-ақ кiрме жолдарды және
халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарына жалғасатын жолдарды салу үшін техникалық шартты беру