Тендерге қатысуға шақыру

Қазақстан Республикасы,

«Шығыс-Батыс» автожолдарын дамыту жобасы, «Балхаш-Бұрылбайтал» учаскесінің автожолын қайта жаңарту.

Қарыз №.: 8156-KZ

 

Келісім-шарттың атауы: «Шығыс-Батыс» жолдарын дамыту жобасы, «Балхаш-Бұрылбайтал» Лот 6, км 2105-2152 Үлкен-Бұрылбайтал учаскесінің жолын қайта жаңарту»

           

Сілтеме №. ЕWRP-2105-2152-ICB(W)-001/2021

 

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік банктен «Оңтүстік – Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасын іске асыруға,  «Балхаш-Бұрылбайтал» Лот 6, км 2105-2152 Үлкен-Бұрылбайтал учаскесінің автожолын қайта жаңартуға қаржы алды және алынған қаражаттың бір бөлігін автожолының құрылысына келісім-шарт бойынша төлемдерге бағыттауға ниетті.

 

* Лот 6: км 2105-2152 Үлкен-Бұрылбайтал

 

Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті қазіргі уақытта тендерге заңды қатысушылардан Қазақстан Республикасының Алматы облысын автожолдарындағы бірінші санатты 2105-2152 км «Балхаш-Бұрылбайтал» учаскесінің автожолын қайта жаңарту бойынша жалпы құрылыс жұмыстарын орындауға мөрленген өтінімдерді шақырады.

 

Тендер Дүниежүзілік Банктің басшылығында көрсетілген сауда-саттықтың халықаралық конкурстық рәсімдеріне сәйкес өткізілетін болады: 2011 жылғы қаңтардағы ХҚҚДБ кредиттері және ХДА кредиттері және Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының гранттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алу («Сатып алу жөніндегі Нұсқаулық») және сатып алу жөніндегі нұсқамада айқындалғандай, қатысушылардың тендерге қатысуға құқығы бар барлық адамдар үшін ашық. Бұдан басқа, мүдделер қақтығысына қатысты Дүниежүзілік банктің саясаты баяндалатын 1.6 және 1.7-тармақтарға жүгінуді сұраймыз.

 

Тендерге мүдделі заңды қатысушылар қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінен ала алады, жауапты тұлға -Рафхат Беркутбаев, e-mail: r.berkutbayev@miid.gov.kz, k.utepbergenov@miid.gov.kz сондай-ақ конкурстық құжаттамамен жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін төменде көрсетілген мекенжай бойынша танысуға болады: Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қ., Қабанбай батыр 32/1.

 

Өтінімдер төменде көрсетілген мекенжай бойынша 2021 жылғы 25 қазанға дейін, 15.30                       (Нұр-сұлтан жергілікті уақыты, Қазақстан Республикасы) жеткізілуі тиіс. Электрондық тендерге рұқсат жоқ. Кеш өтінімдер қабылданбайды. Өтінімдер тендерге қатысушылардың тағайындалған өкілдерінің және төменде көрсетілген мекенжай бойынша қатысуға тілек білдірушілердің барлығының қатысуымен 2021 жылғы 25қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласында жария түрде ашылатын болады.

 

Барлық өтінімдерге 1 100 000 доллар (Бір миллион жүз мың АҚШ доллары) немесе басқа еркін айырбасталатын валютадағы баламасы сауда-саттық кепілдігі қоса берілуі керек.

 

Жоғарыда аталған мекен-жай::

 

612 Кеңсе

Рафхат Беркутбаев мырза, r.berkutbayev@miid.gov.kz

010000, Қабанбай Батыр 32/1

Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы

Тел.: +7-7172-75 46 66, +7 7172-75 46 40

www.miid.gov.kz

 

 

Дата публикации
01 сентября 2021