Тендерге қатысуға шақыру, «Оңтүстік-Батыс» автожолдарын дамыту жобасы, «Курты – Бурылбайтал» км 2295-2380 учаскесінің автожолын қайта жаңарту

Тендерге қатысуға шақыру

 

 

Қазақстан Республикасы,

«Оңтүстік-Батыс» автожолдарын дамыту жобасы, «Курты – Бурылбайтал» учаскесінің автожолын қайта жаңарту.

Қарыз №.: 7681-KZ

 

Келісім-шарттың атауы: «Оңтүстік-Батыс» жолдарын дамыту жобасы, «Орталық-Оңтүстік» дәлізі «Курты-Бурылбайтал» учаскесінің жолын қайта жаңарту»

           

Сілтеме №. SWRP-2295-2380-ICB(W)-001/2021

 

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік банктен «Оңтүстік – Батыс» автомобиль жолдарын дамыту жобасын іске асыруға, «Орталық-Оңтүстік» дәлізі «Курты – Бурылбайтал» учаскесінің автожолын қайта жаңартуға қаржы алды және алынған қаражаттың бір бөлігін автожолының құрылысына келісім-шарт бойынша төлемдерге бағыттауға ниетті.

 

* Лот 1: км 2295-2335

* Лот 1: км 2335-2380

 

Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті қазіргі уақытта тендерге заңды қатысушылардан Қазақстан Республикасының Алматы облысын автожолдарындағы бірінші санатты 2295-2380 км «Курты-Бурылбайтал» учаскесінің автожолын қайта жаңарту бойынша жалпы құрылыс жұмыстарын орындауға мөрленген өтінімдерді шақырады.

 

Лот 1: 1 600 мың м3 жер жұмыстары , 424 мың м3 түйіршіктелген жол төсемі және 210 мың м3 асфальт жұмыстары. Құрылыстың ұзақтығы - 30 ай.

Лот 2: 1 100 мың м3 жер жұмыстары , 422 мың м3 түйіршіктелген жол төсемі және 162 мың м3 асфальт жұмыстары. Құрылыстың ұзақтығы 20 - ай.

 

Тендер Дүниежүзілік Банктің басшылығында көрсетілген сауда-саттықтың халықаралық конкурстық рәсімдеріне сәйкес өткізілетін болады: 2011 жылғы қаңтардағы ХҚҚДБ кредиттері және ХДА кредиттері және Дүниежүзілік банктің қарыз алушыларының гранттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және консультациялық емес көрсетілетін қызметтерді сатып алу («Сатып алу жөніндегі Нұсқаулық») және сатып алу жөніндегі нұсқамада айқындалғандай, қатысушылардың тендерге қатысуға құқығы бар барлық адамдар үшін ашық. Бұдан басқа, мүдделер қақтығысына қатысты Дүниежүзілік банктің саясаты баяндалатын 1.6 және 1.7-тармақтарға жүгінуді сұраймыз.

 

Тендерге мүдделі заңды қатысушылар қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінен ала алады, жауапты тұлға -Рафхат Беркутбаев, e-mail: r.berkutbayev@miid.gov.kz, k.utepbergenov@miid.gov.kz, сондай-ақ конкурстық құжаттамамен жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін төменде көрсетілген мекенжай бойынша танысуға болады: Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қ., Қабанбай батыр 32/1.

Өтінімдер төменде көрсетілген мекенжай бойынша 2021 жылғы 23 тамыз дейін, 15.30                       (Нұр-сұлтан жергілікті уақыты, Қазақстан Республикасы) жеткізілуі тиіс. Электрондық тендерге рұқсат жоқ. Кеш өтінімдер қабылданбайды. Өтінімдер тендерге қатысушылардың тағайындалған өкілдерінің және төменде көрсетілген мекенжай бойынша қатысуға тілек білдірушілердің барлығының қатысуымен 2021 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласында жария түрде ашылатын болады.

 

Барлық өтінімдерге сәйкесінше 1 және 2 лот бойынша 650 000 доллар (алты жүз елу мың АҚШ доллары) және 800 000 АҚШ доллары (сегіз жүз мың АҚШ доллары) немесе басқа еркін айырбасталатын валютадағы баламасы) Сауда-саттық кепілдігі қоса берілуі керек.

 

Жоғарыда аталған мекен-жай::

 

612 Кеңсе

Рафхат Беркутбаев мырза, r.berkutbayev@miid.gov.kz

010000, Қабанбай Батыр 32/1

Нұр-Сұлтан, Қазақстан Республикасы

Тел.: +7-7172-75 46 66, +7 7172-75 46 40

www.miid.gov.kz

 

 

Дата публикации
09 июля 2021