2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабы 5 пунктіне сәйкес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 45 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Автомобиль жолдары комитетінің іс-шаралар Жоспарын бекітуді.
2.2018-2020 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Автомобиль жолдары комитеті іс-шаралар Жоспарын уақытылы және тиісті атқарылуын Автомобиль жолдары комитетінің салалық басқармалары қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратуға жатады.
Төраға М. Пішембаев