2015 жылғы 30 қарашадағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауында бюджеттік шығындарды «жеңілдету» үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін қолдану керек екендігі айтылған. Басымдылық экономика саласында жеке инвестицияларды ынталандыру бойынша қосымша шараларды пысықтау керек. Жеке инвесторларды тек жол құрылысына, газ құбырларына, аурухана, мектеп және басқа объектілерге ғана емес, сонымен қатар оларды жаңартуға және техникалық қызмет көрсетуге кеңінен тарту қажет (бұдан әрі - Жолдау).
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мемлекеттік және меншік секторы арасындағы ынтымақтастықтың формасы болып табылады. Жалпы алғанда, МЖӘ - бұл мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы тиісті келісімшарттарда айқындалған тәуекелдер, пайдалар мен шығындар, құқықтары мен міндеттемелері тең бөлу негізінде мемлекеттің жауапкершілігі болып табылатын секторлар арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық.
МЖӘ жобасы қазіргі заңға және Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде жүзеге асырылатын және аяқталған сипатқа ие МЖӘ-ні іске асыру бойынша дәйекті шаралар жиынтығы.
Концессия түріндегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті көптеген елдер пайдаланады. Әсіресе, МЖӘ механизмін жол инфрақұрылымы құрылысы үшін жиі қолданады.
Концессия инвестордың қаражаты, мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілері есебінен немесе қайта құруды көздейтін МЖӘ келісімшартының бір түрі болып табылады. Концессия механизмі жеке инвестицияларды тарту және оларды бюджет шығындарының бір бөлігімен ауыстыру жолымен ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Концессиялық жоба - бұл концессиялық келісімшарт жасау құқығына тендерлерді дайындау және өткізуді, жобалау құжаттамасын әзірлеуді, құрылыс алаңын дайындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі мерзімде жүзеге асырылатын және аяқталған сипатқа ие концессия шарты шеңберінде күрделі құрылыс жобаларын құру және қайта құру жатады. Концессиялық жобалар тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар ретінде жіктелуі мүмкін.
Жолдауды орындау барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті автомобиль жолдары сферасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) халықаралық үздік тәжірибелерге сәйкес жоба кеңесшілерімен бірлесіп ҚР концессия саласындағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізді.
Концессия схемасы бойынша концессионер жобаны іске асыру барысында концессия объектісін жобалау, құрылыс және одан әрі жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдерді өзіне қабылдайды. Баламалы схемалар бойынша жобаны жүзеге асыру кезінде бұл тәуекелдер толығымен мемлекетке беріледі. Нысан құру кезеңінде концессионер құрылыс сапасына қызығушылық танытады, өйткені болашақта ол ұзақ мерзімді перспективада жолдың жұмысына жауапты және оны қалпына келтіру көптеген жылдарға созылады. Пайдалану кезеңінде Консорциум барлық жөндеу жұмыстарын, жолды ұстауды және мемлекет пайдасына жол жүрісі үшін ақы төлеуді жүйесін жүзеге асырады.
Ендеше, заңнама деңгейінде валюталық тәуекелдерді реттеу механизмі енгізілді, концессионермен және концессионердің кредиторымен, концедентпен қол қою арасында «Тікелей келісім» жаңа институты түрінде халықаралық тәжірибеде «Step-In» деп аталатын несие берушілердің құқығы қорғалған. Сонымен қатар, екі жақ тәуекелдер балансын ескере отырып, концессия шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда негізгі өтемақы ахуалы бекітілген.
Ұсынылған жоба құрылымы бойынша, концессионерге инвестициялық және эксплуатациялық шығындар өтемақысын, сондай-ақ автомобиль жолдарды басқарғаны үшін сый ақы беру «қол жетімділік үшін төлем» - мемлекет тарапынан белгіленген төлем механизмі арқылы төленетін болады, онда ақылы автомобиль жолдары бойынша жүрісі үшін түскен барлық төлемдер республикалық бюджетке түседі.
Қазіргі уақытта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде іске асырылу және пысықталу сатысында 2 жоба бар.
Анықтама:
Жобаның сипаттамасы:
ҮАААЖ автокөлік жолы Іa техникалық санатты, ұзындығы 66 км, оның ішінде 6 жолақты 57 км және 4 жолақты 9 км. Жол күрделі және қатаң типту жол жабындысы, цемент-бетонды монолитті және асфальт-бетон жабындысы бар. Жоба бойынша 38 көпір мен жол өтпесі және 7 жол айрығы бар. Қозғалыс жылдамдығы 150 км / сағ дейін.
Концессиялық жобаның мерзімі 20 жылды құрайды, оның ішінде 4,5 жыл (2018-2022 жж.) - құрылыс кезеңі, ал автожолды пайдалану мерзімі - 15,5 жыл (2022-2037 жж.).
Жобаның құны - 150 млрд.теңге.
ҮАААЖ - Қазақстан Республикасының Үкіметімен автомобиль саласындағы МЖӘ схемасы бойынша жүзеге асырылатын пилоттық жоба. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҮАААЖ жобасы инвесторлардың құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін аса маңызды концессиялық жоба болып табылады, сондай-ақ шартты және валюталық тәуекелдерді мерзімінен бұрын тоқтату бойынша шығындардың орнын толтырады. Сонымен бірге бұл жобаны іске асыру тікелей Мемлекет басшысының бақылауында екендігін атап өтеміз.
«ҮАААЖ» автомагистралі Алматы облысының аумағында, қаланың солтүстік шекарасынан батыстан шығысқа қарай Алматы қаласының периметрін қамтитын, Алматыдан бұрынғы Ұзын-Ағаш орталығымен, Кырғауыл ауылының маңайымен байланыстыратын ескі жоғарғы жолдан басталады. Ол Алматы-Бішкек, Алматы-Астана темір жолы, Ақсенгер стансасын, Покровка ауылының маңындағы Алматы-Өскемен теміржолы учаскесін және Алматы-Талғар жолын Талдыбулак ауылының маңын қиып өтеді.
ҮАААЖ құрылысының негізгі мақсаты – Алматы қаласы шекарасынан тыс транзиттік ағындарын шығару үшін, Ташкент-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы-Қорғас (Жібек жолы) және Алматы-Қарағанды-Астана-Петропавловск халықаралық дәліздерінің қиылысында айналмалы жолды салу. ҮАААЖ-ның құрылысы - Алматы қаласының көлік жүйесіне жүктемені азайту арқылы қалалық және қала маңындағы аумақтардың экологиялық жағдайын жақсарту, апаттылықты төмендету, қалааралық көлік ағынын қайта бөлу және Алматы қаласына негізгі «кіріс» жолдары болып келетін жолдардан «кептелістердің» қалыптасуын болдырмау.
2015 жылдың қаңтарында екі кезеңдік конкурс жарияланды. Жобаға қатысу қызығушылығын 100 компания білдірді.
Конкурстық процедураның қорытындысы бойынша, 2016 жылдың ақпанында Концессия Комиссиясы мемлекеттік қолдаудың ең төменгі дисконтталған құнымен (үздік концессиялық өтінім) жақсы концессиялық өтінімді «Алсим Аларко» АҚ, «Макйол» АҚ, «СК Проектирование и строительство» ЖШС, «Корея Экспрессвей» Корпорациясы анықтады.
2018 жылдың 31 қаңтарында концессия комиссиясының жеңімпазы деп «Алсим Аларко (Түркия) – Макйол (Түркия) – СК (Корея) - Корея Экспрессвей (Корея)» Консорциумы танылды.
2018 жылдың 7 ақпанында Консорциуммен концессиялық келісім жасалды.
2018 жылдың 31 мамырында ҮАААЖ жобасын іске асыру басталды.
Жобаның сипаттамасы:
Жоба 4-жолақты қозғалысы бар және жалпы ұзындығы 254 км 1-В категориялы автомобиль жолдарын салу мен пайдалануға бағытталған. Жобаға мына автомобиль жолдарын салуды қамтиды: Шымкент қаласы айналма жолы (48 км), Қонысбаев өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км), сонымен қатар Шымкенттің Солтүстік айналма жолдарын - 36 км және «Ташкент-Шымкент» автожолдарын (72 км) пайдалану кезеңіне беру.
Концессиялық жобаның мерзімі 19 жыл, оның 4 жылы (2020-202 жж.) - құрылыс кезеңі, ал автожолдың пайдалану мерзімі - 15 жыл (2024-2039 жж.).
Осы айналма жолдардың құрылысы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына байланысты, Шымкент қаласын республикалық маңызы бар санатына жатқызып, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығын Шымкент қаласынан Түркістан қаласына ауыстыруына, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысынан Түркістан облысына атауы ауысуына байланысты.
Құрылыстың негізгі мақсаты Шымкент және Сарыағаш қалаларында жол жиілігін төмендету, жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту болып табылады, бұл қоршаған ортаның жай-күйінің төмендеуіне және шудың ластану деңгейін төмендетуге, сондай-ақ осы жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының шекарасына жету жолымен транзиттік әлеуетті дамытуға және жетілдіруге, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүктер көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ Шымкент және Сарыағаш қалалары арқылы қозғалыс ағынын азайтуға ықпал етеді.
Шымкент және Сарыағаш қалаларының айналма жолдарының құрылысы Қазақстанның оңтүстік өңірін (Түркістан облысы) дамытуға серпін береді. Сонымен қатар, жылдам жүретін жолдардың құрылысы Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы мәдени-экономикалық байланыстарды кеңейтеді.
Пайдалану кезеңінде Шымкенттің Оңтүстік-Батыс бағыттағы айналма жолы, Сарыағаш қаласы айналма жолы, Абай, Қызыласкер және «Қызыласкер-Чиназ» бағыттарындағы жолдармен қатар, сондай-ақ Шымкенттің (36 шақырым) Солтүстік айналма жолдары мен Шымкент-Ташкент тас жолының (79 шақырым) құрылысы қарастырылған. Жалпы ұзындығы 265 км.
Азия даму банкінің және «KPPF» ЖШС консультанттарымен бірлесе конкурстық құжаттама әзірленді, соның ішінде жобаның ТЭН де бар.
2018 жылдың 14 желтоқсанында жобаның ТЭН Мемсараптама қорытындысы алынды.
Конкурстық құжаттама топтамасы Қазақстандық МЖӘ орталығына экономикалық қорытынды алу үшін жіберілді.
Берілген қорытынды негізінде ағымдағы жылы байқау жарияланады.