
Жолдарды жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, оларды нормативтік талаптарға сай ұстау қажет. Осы мақсатта жолдарды өзін-өзі ақтауға көшіру үшін кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізілуде.
Қазіргі таңда ұзындығы 3,2 мың шақырым болатын 17 ақылы учаске жұмыс істеп тұр.
Анықтама үшін: Астана – Щучинск (211 км), Астана – Теміртау (134 км), Алматы – Қонаев (42 км), Алматы – Хоргос (295 км), Астана – Павлодар (375 км), Қонаев – Талдықорған (186 км), Тараз – Қайнар (238 км), Шымкент – Қызылорда (447 км), Шымкент – Тараз (90 км), Шымкент – Ташкент (84 км), Щучинск – Көкшетау (61 км), Павлодар – Қалбатау (453 км), Бейнеу – Ақжігіт (85 км), Орал – Самара (56 км), Павлодар – Омбы (198 км), Көкшетау – Петропавл (169 км), Орал – Саратов (99 км).
Өткен жылы ақылы жолдардан 48 млрд теңге көлемінде қаражат жиналды.
Биыл жөндеу жұмыстары аяқталған сайын, ұзындығы 6,2 мың км болатын 29 жаңа учаскеге ақылы жүйе енгізу жоспарлануда.
Бұл учаскелерден жиналатын қаражаттың көлемі 100 млрд теңгеден асады деп күтілуде.
Болашақта барлық жолдардың күтіп-ұсталуы, арнайы техника сатып алу және алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемесін жабу мәселелері ақылы жолдардан жиналатын қаражат есебінен шешілетін болады.
.