Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ғылым және инновациялар

Жол құрылысына жаңа материалдар мен технологияларды енгізу қағидалары бекітілді

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті жол саласында инновациялық материалдар мен технологияларды енгізу, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларының күшіне енгенін хабарлайды. Бұл қағидалар ел аумағындағы жол жұмыстарының сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға бағытталған.

Негізгі ұғымдар:

  • Апробация — жаңа материалдар мен технологияларды жолдың арнайы бөлінген учаскелерінде сынақтан өткізу және тәжірибелік енгізу.

  • Тәжірибелік учаске — жаңа өнім нақты жағдайда сынақтан өткізілетін жол учаскесі.

  • Жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы (бұдан әрі – бірыңғай база) — ұлттық стандарттар мен Қазақстан Республикасының ведомстволық құжаттарының нормативтік талаптарына сәйкестігін растайтын жол-құрылыс тасты материалдары (қиыршық тас, қиыршықтас-құмды қоспа, шағал-құмды қоспа, қиыршықтас-шағал-құмды қоспа, құм, елеу қалдығы), бейорганикалық байланыстырғыштар (минералды ұнтақ, цемент), битумдар, жаңа материалдар мен технологиялар, зертханалар, машиналар, жабдықтар мен механизмдер, асфальт-бетон және басқа да зауыттар туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық-сандық жүйе.

  • Техникалық кеңес — жол саласына жаңа технологиялар мен материалдарды енгізуге өтінімдерді қарастырып, оларды Бірыңғай базаға енгізу туралы шешім қабылдайтын алқалы орган. Кеңестің қызметі 2023 жылғы 8 маусымдағы №58 бұйрықпен реттеледі.

  • Материалдардың мәртебесі:

    • «Жасыл» — апробациядан сәтті өткен, кеңінен қолдануға рұқсат етілген материал.

    • «Сары» — тәжірибелік учаскелерде апробациядан өтіп жатқан материал.

    • «Сұр» — Техникалық кеңестің қарау сатысындағы материал.

    • «Көк» — қарау нәтижелері бойынша қайта қарауға жіберілген материал.

RCMBase жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологияларды Бірыңғай базаға енгізу тәртібі:

  1. Өтінім беру — өтінім беруші rcmbase.qazjolgzi.kz сайтында барлық құжаттар топтамасымен өтінім тапсырады, ол Техникалық кеңесте қаралады.

  2. Алдын ала қарау және жіктеу — материалдарға мәртебе беріледі және инновациялық шешімдер тізіліміне енгізіледі.

  3. Апробация — тәжірибелік учаске бөлініп, мониторинг жүргізіледі (мерзімі материал түрі мен өңірге байланысты).

  4. Ғылыми-техникалық сүйемелдеу — тұрақты зерттеу және сынақ нәтижелерін талдау.

  5. Тиімділікті бағалау — Техникалық кеңес қорытынды есепті қарап, «Жасыл» мәртебе беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  6. Енгізу — мәртебесі мақұлданған материалдарды жобалық-сметалық құжаттамаға енгізіп, кең көлемде қолдану.

Апробация үдерісі:

  • Тәжірибелік учаскені өңірлер мен мерзімдерге қарай бөлу.

  • Мониторинг жүргізу (1-ден 4 ретке дейін, материал мен өңірге байланысты).

  • Ғылыми-техникалық сүйемелдеу.

  • Тиімділікті талдайтын қорытынды есеп.

Апробация мерзімін қысқарту:

  • Өндіруші мерзімді қысқартуға өтінім береді.

  • Шарттары:

    • Мерзімнің кемінде 60%-ы өтуі тиіс.

    • Дефектілер болмауы тиіс.

    • Жұмысты қарау актісі және тәжірибелік учаскенің жай-күйі туралы есеп болуы керек.

Мәртебе беру және енгізу:

  • «Жасыл» мәртебе беру туралы шешімді Техникалық кеңес қабылдайды.

  • «Жасыл» мәртебеден кейін материалдар жобалық-сметалық құжаттамаға енгізіліп, кең көлемде қолданылады.

Пилоттық жобалар:

  • Апробация сәтті аяқталғаннан кейін пилоттық жоба іске қосылады.

  • Тәжірибелік және пилоттық учаскелердің көлемі мен ұзындығы қосымшада реттеледі.

Қазақстандық өндірушілерге арналған ерекшеліктер:
Отандық өнеркәсіпті қолдау мақсатында, дефектілер болмаған және өнім сапасы расталған жағдайда апробация мерзімі екі есе қысқартылады.

Кепілдіктер мен қауіпсіздік:
Өндірушілер өнімнің қауіпсіздік талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкестігін кепілдейді, барлық жұмыстар қатаң еңбек қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай жүргізіледі.

Қағидалардың орындалуын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті қадағалайды.

Көлік министрлігі жол саласының барлық қатысушыларын Қағидалармен мұқият танысып, оларды жұмыс барысында қолдануға шақырады, бұл еліміздің жол инфрақұрылымының сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қағидалардың толық мәтіні rcmbase.qazjolgzi.kz сайтында — жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың Бірыңғай базасында қолжетімді.

Документы
Бұйрық
07 июня 2019
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 305 "Об утверждении Правил организации производства экспертизы качества работ и материалов при строительстве, реконструкции, ремонте и содержании автомобильных дорог юридическими лицами по производству экспертизы качества"
Үкімет Қаулысы
19 марта 2019
О реорганизации некоторых республиканских государственных учреждений, республиканских государственных казенных предприятий и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Әдістемелік ұсыныстар
22 января 2019
РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ПРИМЕНЕНИЮ МОДИФИЦИРОВАННОЙ СЕРЫ В ДОРОЖНОМ СТРОИТЕЛЬСТВЕ (ДЛЯ ОПЫТНОГО СТРОИТЕЛЬСТВА)
Новости
Полезные материалы
Ғылым және инновациялар
Медиагалерея
События
09 июня
Кавказ және Орта Азия елдерінің құрылыс форумы
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы