
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы – біздің елімізде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті қолдана отырып іске асырылып жатқан автожол құрылысының алғашқы жобасы.
МЖӘ артықшылықтарына құрылатын инфрақұрылымдық жобалар санының артуын, мемлекеттің ресурстарды орналастыру тиімділігін арттыру, бұрын қолжетімді болмаған сервисті қамтамасыз ету, инновациялық шешімдерді белсенді пайдалану, қаржы ағынының ашықтығын, мемлекет шығыстарының азаюы мен бюджет тапшылығын азайту, мемлекет пен жеке сектор арасында тәуекелдерді бөлу жататындығын атап өткен жөн. Географиялық тұрғыда Еуропа мен Азия арасында тиімді орналасқан Қазақстан үшін МЖӘ-нің инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысуы аса маңызды. Соңғы жылдары халықаралық қаржы институттарының қолдауымен МЖӘ-ні дамытуға ықпал ететін негізгі факторлар құрылды: тұрақты мемлекеттік экономикалық саясат, заңнаманы тиімді пайдалану.