Қазақстанда алдыңғы жылдары басталған республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жобалары жалғасуда. Бұл жобалардың жалпы ұзындығы шамамен 1000 шақырымды құрайды. Олардың қатарында маңызды бағыттар болып саналатын «Қалбатау – Майқапшағай», «Құрты – Қонаев», «Қызылорда – Жезқазған» және «Ұзынағаш – Отар» автожолдары бар.
Сонымен қатар, ұзындығы 1000 шақырымнан асатын жаңа жолдарды қайта жаңғырту жобалары да бастау алды. Бұл жобалар аясында төрт жолақты автомобиль жолдарын салу және жаңғырту көзделген. Атап айтқанда, «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Қарағанды – Жезқазған», «Атырау – Доссор» және Сарыағаш қаласын айналып өту жолы сияқты ірі учаскелер қамтылған.


